Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарының әдістемелік қызметін жандандыру, оның білім сапасын арттыруға және білім беру жүйесін дамытуға ықпалын күшейту мақсатында 2024 жылғы 15 қараша күні Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-гимназиясының базасында «Педагогикалық қызметтегі шеберлік пен шығармашылық» «Ауыл мектебі» республикалық жобасы аясында ғылыми-зерттеу әдісі негізінде оқушылардың оқу жетістіктері мен мұғалімнің кәсіби жетістіктерін арттырудың заманауи құралдарын жобалау» облыстық семинар өтті.
Семинарға 150 жуық мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, пәндік қауымдастықтардың төрағалары қатысты.
Семинар барысында педагогтер ашық сабақтар, шеберлік сағаттар өткізіп, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.