2024 жылғы 22 қарашада Көкшетау қаласында әл-Фараби атындағы IT лицейде "Білімді ұлт-жарқын болашаққа бағдар" IV облыстық пікірсайыс турнирі өтті, оған Ақмола облысының білім беру ұйымдары басшыларының ішінен 9 команда қатысты.
Білім беру ұйымдарының басшылары бір-бірімен шешендіктерін көрсетіп, өз ойларын, идеялары мен көзқарастарын дәлелдей білумен жарысты.Төрешілікке облыстың танымал пікірсайысшылары мен республикалық турнирлердің жүлдегерлері шақырылды.
Бағалау нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
1 орын Көкшетау қаласының командасы иеленді: Жылқыбай Нариман Малгаждарұлы Көкшетау қаласының №12 жалпы білім беретін мектебінің директоры, Ахметбеков Тлеукен Тайбагарович, Красный яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры.
2 орын Бурабай ауданының командасы иеленді: Абжанов Руслан Маратович, Наурызбай батыр атындағы негізгі орта мектебінің директоры, Алтынбек Дағыстан, Ұрымқай жалпы орта білім беретін мектебінің директоры.
3 орын Қосшы қаласының командасы иеленді: Аскарова Дидар Аскаровна, Қосшы қаласының мектеп гимназиясының директоры, Шахметов Нуркен Нуржанович, Қосшы қаласының IT мектеп – лицейінің директоры.
Турнирдің номинациясында «Үздік спикер» Алтынбек Дағыстан, Бурабай ауданының Ұрымқай жалпы орта білім беретін мектебінің директоры атап өтілді.
Турнирдің номинациясында «Үздік төреші» Қуаныш Мирас Ерденұлы, Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясынын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі анықталды.
Турнирдің жеңімпаздары мен үздік спикерлері Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сертификаттармен және грамоталарымен марапатталды.
Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары республикалық пікірсайыс турнирінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.