«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі педагогтерімен облыстық шеберлік сыныптары конкурсының облыстық кезеңі туралы ақпарат

09.03.2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының жоспарына сәйкес                2021 жылғы 1-2 наурызда «Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі педагогтерімен облыстық шеберлік сыныптары конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Конкурстың мақсаты - мемлекеттік тілді дәріптеу, әр отбасында мемлекеттік тілде сөйлеуді қалыптастыру, мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті, салт-дәстүрлерді мемлекеттік тіл арқылы насихаттау, қазақ тілі педагогтерінің үздік тәжірибесін анықтауға және таратуға ықпал ету.

Конкурсқа  12 ауданнан Ақмола облысы білім беру ұйымдарының қазақ тілі пәні бойынша 12 педагог қатысты.

Комиссия мүшелері конкурстың облыстық кезеңінің қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтады:

І орын - Капизова Айдана Сатыбалдықызы- Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Солнышко» балабақшасының  қазақ тілі мұғалімі;

ІІ орын - Султангереева Газиза Мырзабаевна - Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының № 4 «Арман» балабақшасының  қазақ тілі мұғалімі;

ІІІ орын - Даулбаева Баянкуль Нагашибаевна -  Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Родничок» бөбекжай балабақшасының  қазақ тілі мұғалімі.

Облыстық білім беру ұйымдарының 9 қазақ тілі мұғалімі конкурстың облыстық кезеңіне белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

Конкурстың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша І орынға ие болған Капизова Айдана Сатыбалдыққызының бейнематериалы «Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» қазақ тілі бойынша мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің республикалық шеберлік сыныптары конкурсына жіберілді.

Просмотров: 327


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст