Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және әдістемелік орталығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 19-24 желтоқсан аралығында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық (сырттай) кезеңі өткізілді.
Фестивальдің мақсаты - педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, облыс мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Фестивальға мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, жалпы орта білім беретін мектептерінің педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтері, психологтар, логопедтер қатысты.
Ақмола облысының педагог қызметкерлерінен «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсына барлығы 107 жұмыс түсті. Ұсынылған жұмыс материалдары 5 бағыт бойынша тексерілді, олар:
1) «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша (директорлар, білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары);
2) «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша (пән мұғалімдері) –қоғамдық-гуманитарлық және ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер;
3) «Шығармашыл толқын» (бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері);
4) «Сабақ аяқталған соң...» (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім беру орталықтарының педагогтері);
5) «Психолог сандықшасы» (психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтер, дефектологтар).
Ережеде берілген бағалау критериилеріне сәйкес педагогтер келесі орындарға орналасты:
1 орын- Маулиева Самал Сапаргаликызы, Степногорск қаласы облыстық мамандандырылған №4 «Болашақ» мектеп- лицей- интернатының ағылшын тілі мұғалімі;
2 орын - Көкшетау қаласының № 16 жалпы орта білім беретін мектебінің Алексеенко Жанна Мухамеджановна және Досымбекова Галина Владимировна, тарих және информатика пәндерінің мұғалімдері;
3 орын- Байсеркеева Жансая Тулеухановна, Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Ищанова Зарина Тайпаковна, Астрахан ауданы Петровка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі және Раменский Дмитрий Николаевич, Аршалы ауданы Ақбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғаілімі иеленді.
Облыстық (сырттай) кезеңінің жеңімпаздары әдістемелік орталығының 1, 2, 3 Дәрежелі дипломадарымен марапатталады және 2025 жылғы 10,11 қаңтар күндері Алматы облысында республикалық кезеңіне қатысады.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!