«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Орта білім беретін үздік ұйым»грантын беру тәртібін және гранттың мөлшерін белгілей отырып,оны беруге арналған конкурсты өткізу тәртібі

15.03.2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 (2016 жылғы 22.01. толықтырулармен) «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып,оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Ақмола облысында «Орта  білім беретін үздік ұйым» конкурсы өткізіледі.

Жыл сайын республикалық маңызы бар облыстар мен қалалар және Астананың жергілікті атқару органдары бөлетін «Орта  білім беретін үздік ұйым» грантын (әрі қарай –Грант), ақшаны иелену конкурсын орта білім беретін мемлекеттік ұйымдар жергілікті атқару органдарымен білім беру саласында  рейтингтік көрсеткіштер негізінде өткізіледі.

Конкурс тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату,орта білім беретін ұйымдардағы педагогтар мен басшылардың кәсіби және жеке өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасындағы орта білім беру жүйесінің даму үрдістерін анықтау мақсатында өткізіледі. Грант конкурс жеңімпаздары-орта білім беретін үздік мемлекеттік ұйымға беріледі.

Конкурсқа қатысуға барлық түрдегі орта білім беретін мемлекеттік ұйымдар жіберіледі.

Конкурс екі кезенде өтеді:

I  аудандық (қалалық) кезеңі - 2021 жылғы 19-23 сәуір аралығында өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға  ұсынылатын  конкурс қатысушылары анықталады.

II облыстық кезеңі – 2020 жылғы 17-28 мамыр аралығында өтеді.

Конкурс қорытындысы бойынша облыстық 2-ші кезеңге қатысу мақсатында, жеңімпаз үздік ұйым 2021 жылғы 06 мамырға дейін «Облыстық оқу-әдістемелік кабинетіне» (№ 116 кабинетке)  құжаттарын тапсыруы тиіс. 

2021 жылғы 17-28 мамыр аралығында  конкурстық комиссия қатысушылар ұсынған материалдарды қарастырып, қорытынды  шығарады.

Просмотров: 393


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст