«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құзырет орталықтары жұмысының белсенді әдістері: тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер»

22.01.2025

 

«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 21 қаңтарында Атбасар ауданы "Еркежан" бөбекжай-балақшасының базасында әдіскерлер, тәрбиешілер, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары үшін «Құзыреттілік орталықтары жұмысының белсенді әдістері: тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысында қатысушылардың назарына түрлі әдістер мен технологияларды пайдалана отырып: «Ббалалардың ұлттық құндылықтар арқылы қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру" қазақ тілі мұғалімі Алип Меруерт, «Балабақша педагогтарының жұмыс тәжірибесінде STEM-тәсілді іске асыру» әдіскер Д. А. Серікпаева, логопед М. Э. Дюбкина «Логопедиялық Ойындар -мектеп жасына дейінгі балалардың дұрыс сөйлеуін қалыптастыру құралы» тақырыптарындағы  шеберлік сыныптарын ұсынды, «Балабақшада ұлттық қолөнерді насихаттау» тәрбиеші Ш. С. Ақанова, педагог С. П. Кулиничтің іс-әрекетінен «Импровизацияланған материалдардан интерьер декор» креативті студиясы, «Ұлттық құндылық - елдің қазынасы»  тәрбиешісі Л. А. Нысанбай, сондай-ақ педагогтарға Сандықтау ауданы Балкашино ауылының "Мирас" балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы А. С. Исмагулованың  «Сиқырлы ел» авторлық бағдарламасы ұсынылды.

Өткізілген іс-шара қатысушыларға әріптестерімен тәжірибе алмасуға, мектепке дейінгі ұйымдағы табысты қызметтің мәселелері мен өлшемдерін талқылауға мүмкіндік берді. Семинар қорытындысында одан әрі бірлескен шығармашылық жұмыс үшін әдістемелік ұсынымдар қабылданды.

Просмотров: 15


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст