«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі білім берудегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы заманауи ақпараттық технологиялардың әдістері мен тәсілдері»

22.01.2025

«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ-нің іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 21 қаңтарында Атбасар ауданының «Алтын бесік» бөбекжай базасында әдіскерлер, тәрбиешілер мен  мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары үшін «Мектепке дейінгі білім берудегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы заманауи ақпараттық технологиялардың әдістері мен тәсілдері» кейс-кездесуін өткізді.

     Іс-шара аясында интерактивті платформалар мен бағдарламаларды пайдалануға, "Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту", "Ғажайыптар керуені", "Ауыл шеберлері" мультимедиялық технологияларын енгізуге тәрбиешілер С.М. Отқұлбаева, Л. В. Юркина, М. Сураухан ерекше назар аударды. Робототехника пәнінің оқытушылары М. С. Боровикова мен А. Берденбек STEAM-білім беру технологиясын "Ұлы Дала ойындары", О.Л. Кеслер Воскобовичтің "Астанада серуендеу" технологиясы бойынша тәжірибесімен бөлісті.

       Музыкалық жетекші Г. А. Куракбаева өзінің "Ойынмузыка" авторлық бағдарламасымен таныстырды.

       Кейс-кездесу соңында қатысушылар тәрбие мен оқыту сапасын арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты, ұсынымдар қабылданып, мектепке дейінгі педагогикалық ұйымдардың жұмысындағы келешек жоспарлар  талқылады.

Просмотров: 17


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст