«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы орта білім беру ұйымдары арасындағы «Абай клубтарының Үздік презентациясы» облыстық қашықтық байқауының қорытындысы бойынша ақпарат

31.03.2021

Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылғы 25-31 наурыз аралығында жалпы білім беретін мектептер мен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттар арасында ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай клубтарының үздік презентациясы» облыстық қашықтық байқауы өтті. Облыстық сырттай байқауда 21 «Абай» клубының жұмыстары қаралды.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған клубтар анықталды:

I орын - «Ақмола облысы білім басқармасы Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектем - гимназиясы» КММ, «Абай» клубы;

II орын - Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды  ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп- лицейі» КММ,  «Абай - дана, Абай - дара қазақта» клубы;

II орын - «Ақмола облысы білім басқармасының  Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясы» КММ, «Абай әлемі» клубы;

III орын - «Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ, «Абай әлеміне саяхат» клубы; 

III орын - «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы  ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Абай әлемі» клубы;

III орын - «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қараөткел ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Абай әлемі» клубы.

Жүлдегерлер Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің дипломдарымен марапатталды. Қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар берілді. 

 

Просмотров: 491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст