Кітап оқу – адам бойына тек рухани азық болып қана қоймайды. Гауһар сөзді, жауһар дүниелерді жиып терген құндылық. Адамның ұшқыр ойлары мен қиялының, өмірлік тәжірибесінің жемісі. Ұлы қаламгерлерімізден жәдігер боп қалған шығармалар, алдымен, ана тіліміздің, ұлттық құндылықтарымыздың сақталуына себепші қазынамыз.
Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылғы 26-27 сәуір күндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жақсы кітап- жан азығы» конкурсының облыстық кезеңі өтті. Аталған конкурс оқушылардың рухани және интеллектуалды дамуын арттыру, мектеп кітапханаларында кітап шығаруды ынталандыру және осы саладағы жетістіктерді көрсету, оқушыларды шығармашылық жағынан қолдау және мадақтау мақсатында ұйымдастырылды.
Ұсынылған кітаптарға жастайынан білім-ғылымға қанып өскен, ұлттық рухтан сусындаған дарынды, ақынжанды шәкірттердің қаламынан туындаған жырлары топтастырылған. Жас дарындардың әр шығармаларында Отанға деген сүйіспеншілік пен қадір-қасиетін дәріптеу жатыр.
Конкурстың қорытындысы бойынша жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар болыған топтық жұмыстар анықталды:
Жүлделі I орынды «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Алғабас ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Алғабас ауылының тарихы» кітабы жеңіп алды.
II орынды «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Гордость земли Атбасарской...» кітабы және «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №1 мектеп- гимназиясы» КММ, «Абай мұрасы- ұрпаққа ұлағат» кітабы иеленді;
III орынға «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясы» КММ, «Ұлттық рух» кітабы, «Ақкөл ауданы бойынша бiлiм бөлiмi Өрнек ауылының жалпы орта бiлiм беретiн мектебi» КММ, «Ұстаздар династиясы» кітабы және Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Ақсу кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Киелі мекен - кенді өлкем» кітабы ие болды.
Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және ақшалай сертификаттармен марапатталады, қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!