29 сәуір күні «Тәлімгер мен жас педагог дуэті – 2025» кәсіби шеберлік байқауының қорытындылары шығарылды. Байқау мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәлімгерлік жүйесін дамытуға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және педагог мамандығының беделін арттыруға бағытталды.
Іс-шараға 18 команда қатысты. Әр дуэт жоғары педагогикалық шеберлікті, жаңашыл тәсілдерді, шығармашылық жұмыс түрлерін және тәлімгер мен жас маман арасындағы тиімді өзара әрекетті көрсетті.
Байқау жеңімпаздары:
Гран-при — «Ромашка» бөбекжайы, Зеленый Бор ауылы Бурабай ауданы
Горбачева Татьяна Григорьевна – тәлімгер
Ким Зинаида Юрьевна – жас маман
I орын – «Алтын бесік» бөбекжайы, Атбасар қаласы Атбасар ауданы
Иванова Ирина Владимировна – тәлімгер
Лоос Анастасия Витальевна – жас маман
ІІ орын — «Балауса» бөбекжайы, Дамса ауылы Шортанды ауданы
Подгурская Ольга Анатольевна – тәлімгер
Қазиханова Нұрсая Аблайқызы – жас маман
III орын — Ақкөл ауданы «Арайлым» бөбекжай-бақшасы
Ермекбай Е. - тәлімгер,
Авсалам Қалимат Әбілқазықызы- жас маман
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға кәсібилігі, шығармашылығы мен дамуға деген ұмтылысы үшін алғыс айтамыз! Бұл байқау педагогтер арасындағы қолдау, тәлімгерлік және ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын айқын көрсетті.