«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 15 мамыр күні Бұрабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінің базасында педагогтер мен басшылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту үшін әдістемелік жұмыс саласында тәжірибе мен білім, идеялар және үздік тәжірибелермен алмасу үшін ашық кеңістік құру мақсатында «Педагогтердің инновациялық белсенділігін дамыту ресурсы ретінде әдістемелік жұмыс нысандарын трансформациялау» тақырыбында облыстық конференция өтті.
Конференция жұмысына аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушілері, директорлар кеңесінің төрағалары, педагогтер қатысты. Жұмыс барысында облыстық «Үздік әдістемелік кабинет» байқауының жеңімпазы-Бұрабай ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті өзіндік тәжірибесімен бөлісті.
Конференцияда келесі мәселелер қаралды:
-Педагогтердің инновациялық белсенділігін дамыту ресурсы ретінде әдістемелік жұмыс нысандарын трансформациялау.
-Білім беру ұйымдарында жобалау және зерттеу қызметін дамыту практикасы
Жұмыс қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар қаралып, бекітілді.