«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астанада республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті

17.05.2025

2025 жылғы 16-17 мамырда Астана қаласында "Цифрлық технологияларды қолдана отырып, технология мен өнерді тиімді оқыту арқылы өнер сабақтарында оқыту сапасын арттыру" атты республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.

Семинар аясында бес бағыт бойынша секциялық сабақтар өткізілді. Педагогтер білім беру процесінде цифрлық технологияларды қолданудың тиімді әдістемелері туралы жаңа идеялармен бөлісті, цифрлық ресурстарды көрсетті. Педагогтар мен тәрбиеленушілердің шығармашылық жұмыстарын қамтитын сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.

Ақмола облысының өкілдері:

  • Есенбеков Нурлан Амангельдинович – Көкшетау қаласы, Станционный кенті, №7 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі;
  • Кумарбек Естай – Қосшы қаласындағы IT мектеп-лицейінің көркем еңбек пәні мұғалімі;
  • Шаймардан Хуандых – Егіндікөл ауданы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі;
  • Кондратова Елена Михайловна – Степногорск қаласы, Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі;
  • Рысбек Абылай Қобландыұлы – Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі.

Семинар кәсіби дамуды жетілдіру және педагогикалық тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналды.

Просмотров: 612


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст