2021 жылғы 19 мамырда аудандық қалалық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлеріне, білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, ата-аналар қоғамдастығына арналған «Интернеттегі балалардың ақпараттық қауіпсіздігі» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өткізілді. Семинарға 100 адам қатысты.
Семинарға қатысушыларға Ақмола облысы білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Айгүл Бексұлтанқызы Нөгертаева кіріспе сөз сөйледі.
Баяндамалармен сөз сөйледі:
«Каспер сейф кидс-сіздің балаңыз үшін сенімді қорғаныс» - Муханбеталина Әсел Маратқызы, «Қазақтелеком» АҚ қызмет көрсету және сату бойынша өңірлік менеджері;
«Қазіргі ақпараттық ортаға психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру» - Терентьева Ирина Михайловна, «Психологиялық мәдениетті дамыту және қолдау» қоғамдық қорының жетекшісі, «Ақмола облысының Азаматтық Альянсы Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы;
«Ата-ананың баламен сенімді өзара әрекеттесу жолдары туралы» - Досжанова Жанат Әбдіжәміқызы, «Bilim Foundation» қоғамдық қорының атқарушы директоры.
Семинар барысында айтылған басты ой - рухани - адамгершілік құндылықтарды дамытуға бағытталған тәрбие жұмысын күшейту. Ата-аналар мен мұғалімдерге балалар кіретін интернет-сайттарды бақылау ұсынылады.