28.01.2026
Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы мектеп жасына дейінгі балалардың құқықтық сауаттылық туралы түсініктерін қалыптастыру және шығармашылық әрекеттер арқылы полиция қызметкері мамандығына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында 2026 жылдың 21-27 қаңтар аралығында «Менің әкем – полиция қызметкері» сурет көрмесін онлайн форматында өткізді.
Көрме Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдары арасында 4 және 5 жастағы тәрбиеленушілердің қатысуымен өткізілді.
Көрмені өткізер алдында балалардың жас және жеке ерекшеліктері ескеріліп, алдын ала тақырыптық жұмыс (дайындық – суреттер салу) жүргізілді, ата-аналардың арасынан полиция қызметкерлерімен кездесулер, мектепке дейінгі ұйымның жоспары бойынша «Полиция қызметкері – тәртіп қорғаушысы» тақырыптық әңгімелер жүргізіліп, «Полиция», «Қауіпсіз көше» және т.б. сюжетті-рөлдік ойындар ойналды.
Тақырыптың ашылуы, ұқыптылық және эстетикалық талғам, шығармашылық идеялар ескеріле отыра, қортындылай келе ең жақсы деп танылған 2 жұмыс республикалық кезеңге жіберілді:
-Степногорск қаласы «Балауса» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Калайдарова Ботагоз Байкешевна, тәрбиеленушісі Сейтканов Амир, 5 жас;
-Бурабай ауданы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы тәрбиешісі Ибраева Сая Мукановна; тәрбиеленушісі Қанат Зере, 4 жас.
Көрменің облыстық кезеңіне 357 бала; 228 тәрбиеші, 255 ата-ана,154
мектепке дейінгі ұйым қатысты.