29.01.2026
2026 жылғы 22 қаңтарда «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына қатысушы 54 шағын жинақты мектептің мұғалімдеріне арналған вебинар өтті.
Іс-шара Zoom платформасында онлайн форматта ұйымдастырылып, шағын жинақты мектептердегі білім беру үдерісін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға арналды.
Вебинар барысында:
- екінші жартыжылдыққа арналған жұмыс бағыттары;
- алдағы кезеңге жоспарлар мен міндеттер;
- білім сапасын арттыру және педагогикалық тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды.
Вебинарға оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, сондай-ақ жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пән мұғалімдері қатысты. Қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдіріп, сұрақтар қойды.
Мұндай іс-шаралар жобаны тиімді іске асыруға және педагогтер арасындағы кәсіби өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.