29.01.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2026 жылғы 19 қаңтар мен 30 қаңтар аралығында Ақмола облысының ауыл мектептерінде қызмет ететін ағылшын тілі мұғалімдері арасында «Innovative Teaching Techniques: New Horizons for Rural Schools» тақырыбында облыстық әдістемелік байқауы, тәжірибе алмасу іс-шарасы өтті.
Байқау педагогтердің шығармашылық әлеуетін қолдауға, мұғалімнің оң имиджін қалыптастыруға, ағылшын тілі мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін анықтау, сондай-ақ олардың кәсіби өсуін ынталандыруға және «Ауыл мектебі — сапа алаңы» жобасы аясында ауыл мектептерінің білім беру үдерісіне заманауи білім беру технологияларын (CLIL, геймификация, цифрлық сауаттылық, жасанды интеллект элементтері) енгізуге бағытталды.
Конкурстық жұмыстарды қарау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
I орын - Манапов Абай Талғатұлы, «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі.
II орын – Оразбаев Жасулан Нұрланұлы, «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясы» КММ ағылшын тілі мұғалімі;
Адильшинова Айжан Кемелбекқызы, «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі.
III орын – Курманов Бекжан Серікұлы, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі;
Алдашев Сәкен Қожаниязұлы, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайын ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі;
Нұрсеитова Жанель Жұмағатқызы, «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі.