«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық онлайн семинар-практикум «Білім берудегі AI: педагогтердің алғашқы қадамы»

30.01.2026

«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес 2026 жылғы 28–30 қаңтар аралығында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Білім берудегі AI: педагогтердің алғашқы қадамы» атты облыстық онлайн семинар-практикум өткізілді.

Іс-шараға Ақмола облысындағы жалпы білім беретін ұйымдардың 300-ден астам бастауыш білім беру педагогы қатысты.

Семинар-практикумның мақсаты — бастауыш сынып педагогтерінде білім беру қызметінде жасанды интеллект платформаларын қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру, соның ішінде оқу материалдарын әзірлеу, сабақтарды ұйымдастыру және өткізу, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау, сондай-ақ оқытуды дараландыру.

Семинар барысында жасанды интеллектің заманауи платформалары мен құралдарын қолдану мәселелері, оларды сабақтың әртүрлі кезеңдерінде пайдалану мүмкіндіктері, оқу материалының көрнекілігін арттыру, бастауыш сынып оқушыларының визуалдық сауаттылығы мен танымдық белсенділігін дамыту жолдары қарастырылды. Генеративті жасанды интеллектті білім беру үдерісіне енгізудің практикалық қырларына ерекше назар аударылды.

Семинар-практикум аясында қатысушыларға жасанды интеллект ресурстары мен цифрлық білім беру платформаларымен жұмыс істеудің практикалық тәсілдері мен алгоритмдері көрсетіліп, оларды оқу үдерісіне тиімді кіріктіру мысалдары, сондай-ақ жасанды интеллекті қалыптастырушы және жиынтық бағалауда қолдану мүмкіндіктері ұсынылды.

Аталған семинар-практикумның өткізілуі бастауыш сынып педагогтерінің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыруға және білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.

 

Просмотров: 41

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст