30.01.2026
Бүгін Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы тарапынан Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласындағы «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының музыка жетекшісі Г. Ж. Тлеулинаның озық педагогикалық тәжірибесін республикалық деңгейде тарату ұйымдастырылды. Аталған авторлық бағдарлама Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте бекітілген.
Семинар жұмысына әдістемелік орталықтардың әдіскерлері, сондай-ақ Астана қаласының, Қарағанды және Түркістан облыстарының мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскерлері мен музыка жетекшілері қатысты.
Аймақтардан келген әріптестер «Музыка әлемінде» эстетикалық бағыттағы білім беру бағдарламасына жоғары баға берді. Сонымен қатар, оң пікірлер білдіріліп, аталған тәжірибені өз жұмыстарында қолдануға дайын екендіктерін жеткізді.
Барша әріптестерге шығармашылық табыс және озық педагогикалық тәжірибені кеңінен таратуға тілектеспіз.