«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі ұйымдарда жасанды интеллекті қолдану

06.02.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Жолдауында цифрлық трансформация арқылы цифрлық даму процестері елдің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындады. Жолдаудың ең маңызды стратегиялық міндеттердің бірі — алдағы үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру.

Аталған тапсырманы орындау мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы мектепке дейінгі ұйымдарда цифрлық ресурстарды пайдалану сапасын арттыру мақсатында 03.02.-06.02.2026ж. аралығында мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне онлайн форматта семинар-практикум өткізуді жоспарлады.

Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен  03.02.2026ж. күні Көкшетау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскерлеріне офлайн форматта семинар-практикум өткізіліп, келесі сұрақтар қарастырылды: цифрлық білім беру рерустарын іске асыру; жасанды интеллектті пайдаланып құжаттар, көрнекілік-дидактикалық материалдар дайындау.

Аталған семинар-практикумда әдіскерлер ЖИ-ті қолданудың бірнеше сілтемелерімен танысып, видеолар құрастыруды, оларға дыбыстық сүйемелдеу жасауды үйренді.

Осылайша әдістемелік орталық облыс  бойынша барлық мектепке дейінгі ұйымдарды қамтуды жоспарлап отыр.

Просмотров: 231


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст