06.02.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» МКМ-нің жылдық жұмыс жоспарына сай 2026 жылдың 06 ақпанында «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының «Арайлым» бөбекжайы» МКҚК-ында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған «Заманауи балабақша жағдайында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асырудың тиімді әдістері» облыстық семинар-практикум өткізілді.
Семинар бағдарламасы аясында «Арайлым» бөбекжайының «Жұлдыз» тобының тәрбиешісі Б.Ансабай «Мақта қыз бен мысықтың хикаясы» сюжеттік-рөлді ойыны (кәсіпке ерте бағдарлау); «Солнышко» тобының тәрбиешілері Яковлева О.А., Булатова Г.Е. «Мы с природой дружим, мусор нам не нужен»; «Радуга» тобының тәрбиешілері Чибирева О.В., Бугрова М.А. «Поиски алтын сәукеле»; «Бәйтерек» тобының тәрбиешісі Н.Канзелхан «Ғажайып оюлар әлеміне саяхат» құм бөлмесінде практикалық жұмыс (Арттерапия); «Бәйтерек» тобының тәрбиешілері Мейремхан С., Авсалам К.Ә. «Ұлттық өнеге» аналар мен әжелер мектебінің жұмысы «Жүннен не жасалады?»; дене тәрбиесінің нұсқаушысы Балшоканова Л.К. «Ұлттық ойындар эстафетасы»; музыка жетекшісі Аманкелді К. ұйымдастырған «Ұлттық аспаптар»; «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Мустафинова А.С. «Адал азамат. Учимся беречь ресурсы» жобалау-зерттеу жұмысы; Ақкөл қаласының №2 бөбекжайының тәрбиешісі Увайсова А.М. шебер сынып: «Біртұтас тәрбие: балалардың қолынан туған ұлттық үлгі»; Ақкөл қаласының №3 бөбекжайының тәрбиешісі Емельяненкова С.В. «Национальная одежда». Әдістемелік орталықтың әдіскерлері Шаймерденова А.Е., Жунусова Ж.Ж. ұйымдастырған «Топтық талқылау» рефлексиясында, кері байланыс жасалды.