«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мұғалімге арналған нейрожелілер» интенсив-кейсі

13.02.2026

«Ақмола облысы білім басқармасы әдістемелік орталығы» КММ жұмысы аясында білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану саласындағы пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге бағытталған «Мұғалімге арналған нейрожелілер» атты интенсив-кейс өткізілді.

Іс-шара бағдарламасы практикалық бағытта өткізілді: қатысушылар сабақтың түрлі кезеңдерінде көрнекілікті арттыруға, оқыту тиімділігін күшейтуге және интеллектуалдық құралдарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін ЖИ сервистерінің мүмкіндіктерін меңгерді. Оқытуға цифрлық шешімдерді кіріктіру, білім алушылардың оқу мотивациясы мен қызығушылығын арттыратын білім беру өнімдерін әзірлеу тәсілдері ұсынылды.

Цифрлық ортада қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, интернет желісінде жұмыс істеу барысында желілік және цифрлық этика нормаларын сақтауға ерекше назар аударылды.

Интенсив барысында спикерлер оқу материалдарын дайындауда, білім беру қызметін ұйымдастыруда және оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін өткізуде жасанды интеллект құралдарын қолданудың нақты тәжірибелерін көрсетті.

Осындай әдістемелік жұмыс түрлерін жүзеге асыру педагогтің кәсіби құралдар қорын кеңейтіп, білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау жағдайында оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді.

/public/files/2026/2/19/190226_175514_1202.mp4

 

Просмотров: 119


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст