«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ИДЕЯЛАР ЗЕРТХАНАСЫ

14.02.2026

Педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету жүйесі аясында «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы ретіндегі жасанды интеллект» тақырыбында идеялар зертханасы өтті. Кездесу тәжірибе алмасуға, тиімді практикаларды талқылауға және оқыту үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың жаңа тәсілдерін іздестіруге арналған кәсіби алаңға айналды.

Зертхана жұмысының негізгі мақсаты – педагогикалық тәжірибені таратуға жағдай жасау және мұғалімдерде ЖИ құралдарының білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, олардың оқу мотивациясы мен белсенділігін арттыруға ықпал ету жолдары жөнінде практикалық түсінік қалыптастырылды.

Іс-шара бағдарламасы мазмұнды әрі практикаға бағытталды. Спикерлер білім беру процесінде нейрожелілерді қолданудың түрлі бағыттарын ұсынды. Баяндамалар барысында жаңа форматтағы тапсырмаларды жобалау, сабақ пен үй жұмысының түрін цифрлық сервистер арқылы түрлендіру, сондай-ақ заманауи білім беру ресурстарын әзірлеу мүмкіндіктері көрсетілді.

  • Қатысушыларға келесі тақырыптар ұсынылды:
  • «Педагог арсеналдағы нейрожелілер: функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған тапсырмаларды жобалау»;
  • «SmartTask: сабақ пен үй тапсырмасының цифрлық форматы»;
  • ЖИ-шешімдер зертханасы: жасанды интеллект арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру;
  • «AI және вайбкодинг: барлық пән мұғалімдеріне арналған жаңа оқыту стилі»;
  • «ЖИ функционалдық сауаттылық пен оқу мотивациясының катализаторы ретінде»;
  • «Биологияны оқытуда ЖИ-ге негізделген 3D визуализация құралдары арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру»;
  • «Информатика сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін жасанды интеллектіні пайдалана отырып, цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу».

Кездесу барысында педагогтер теориялық мәселелермен танысып қана қоймай, оқу тәжірибесінде тікелей қолдануға болатын нақты құралдар, дайын алгоритмдер мен тапсырма үлгілерін алды.

Идеялар зертханасы белсенді талқылаумен, пікір алмасумен және кері байланыспен қорытындыланды.

Просмотров: 115


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст