«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Израиль тарапының шақыруымен Қазақстаннан келген мамандар тобы «Арнайы білім берудегі инновациялық тәсілдер» бағдарламасы бойынша оқудан өтті

16.02.2026

Бағдарлама Израиль Білім министрлігі және Израиль Өңірлік ынтымақтастық министрлігі-мен бірлесіп, 2025 жылғы қараша айында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Израильдің Өңірлік ынтымақтастық, Білім беру, Сыртқы істер министрліктері және Халықаралық ынтымақтастықты дамыту агенттігі арасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум негізінде жүзеге асырылды.

«Innovative Approaches to Special Education» («Арнайы білім берудегі инновациялық тәсілдер») халықаралық курсы Израиль Мемлекетінің Хайфа қаласында MASHAV – Carmel International Training Center (MCTC) базасында өтті. Тренинг арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы заманауи инновациялық тәжірибелерді зерделеуге, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен қолдаудың тиімді әдістемелерін енгізуге, сондай-ақ білім беру жүйесі мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталды.

Бағдарлама барысында қатысушылар Израиль Мемлекетінің инклюзивті білім беру саласындағы озық тәжірибесімен танысып, білім беру ұйымдары мен мамандандырылған орталықтарға барды, сарапшылармен және салалық мемлекеттік құрылым өкілдерімен кездесулер өткізді.

Ақмола облысынан аталған оқуға Жанғали Ілияс Әбілқазыұлы — Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының инклюзивті білім беруді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері қатысты.

2026 жылғы 12 ақпанда делегацияның барлық қатысушыларына курсты сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Курс MASHAV – Agency for International Development Cooperation агенттігі, Голда Меир атындағы халықаралық оқу орталығы (MCTC), Израиль Өңірлік ынтымақтастық министрлігі және Израиль Білім министрлігі тарапынан жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылды. Бағдарлама мазмұндылығымен, практикалық бағыттылығымен және сараптамалық сүйемелдеудің жоғары деңгейімен ерекшеленді.

Алынған білім мен тәжірибе Қазақстан Республикасындағы арнайы және инклюзивті білім беру жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді.

Просмотров: 118


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст