«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектеп – Колледж – Университет: AI дәуіріндегі серіктестік пен инклюзивті даму» атты V Халықаралық педагогикалық форум

18.02.2026

2026 жылғы 18 ақпанда Ualikhanov University базасында «Мектеп – Колледж – Университет: AI дәуіріндегі серіктестік пен инклюзивті даму» атты V Халықаралық педагогикалық форум өтті. Форумға педагогтер, ғалымдар, халықаралық және отандық сарапшылар, білім беру ұйымдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, жұмыс берушілер, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары қатысты.
Форумды университет ректоры  Сырлыбаев М.К.және Ақмола облысы білім басқармасының басшысы  Балташева А.К. ашты.
Спикерлер ретінде Ақмола облысының инклюзивті ортасында тікелей жұмыс істейтін өңірлік және халықаралық сарапшылар  Эндрю Вахтель — Американдық Орталық Азия университеті президенті және Солтүстік-Батыс университеті профессоры (АҚШ), Светлана Дорофеева — Ұлттық зерттеу университеті Жоғары экономика мектебі жанындағы Ми және сөйлеу орталығы аға ғылыми қызметкері (РФ) сөз сөйледі. Форумға сондай-ақ Ирина Елисеева — Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жетекші ғылыми қызметкері және білім беру мен инклюзия саласындағы өңірлік сарапшылар қатысты.

Просмотров: 119


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст