«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында өткен «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» акциясы

24.02.2026

Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы мектеп жасына дейінгі балалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын күшейту, тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру үшін профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында 2026 жылдың 16-24 ақпан аралығында  «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» акциясын өткізді. 
Акция Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдары арасында 3, 4, 5 жастағы тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері ескеріліп,  ғимараттағы өрт сөндіру құралдарының, топтарда эвакуациялауға қажетті құралдар бұрышының қарастырылуын қамтамасыз ету; сюжетті-рөлдік, дидактикалық, қимылды, дамытушы, квест және т.б.ойындар; ата-аналармен бірлесіп, жергілікті Төтенше жағдайлар бөлімдеріне саяхаттар ұйымдастыру; өрт қауіпсіздігі туралы бейне сюжеттер, мультфильмдер көрсету; жергілікті төтенше жағдайлар бөлімдерінің мамандарымен «өрт сөндірушілер, құтқарушылар) кездесулер өткізілді.
Акцияға барлығы  8745 бала, 2340 ата-ана, 988 педагог, 272 мектепке дейінгі  ұйым қатысты. 
Акция нәтижесінде өрт қауіпсіздігі кезінде балалардың сақтық шараларын сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына баулу ескерілді.

Просмотров: 521


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст