26.02.2026
2026 жылдың қаңтарынан бастап Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұр бала" бөбекжайы" республикалық «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасына еніп отыр.
Осыған сәйкес «Зергер әке – еңбекқор бала» шығармашылық байқауына қатысып, №8 «Арай» тобының тәрбиеленушісі Жамбыл Әміре әкесімен бірге өз қолымен белдік жасап шықты. Жай ғана белдік емес — қазақы нақышпен әшекейленген, ұлттық рухы бар ерекше бұйым.
Енді бұл — сәндік аксессуар ғана емес, әкенің алақан жылуы сіңген, туған мәдениеттің бөлшегін сақтаған асыл дүние.
Бұл жерде баланы ерте жастан ұста мамандығының ерекшелігімен таныстыру мақсаты орындалып отыр.
/public/files/2026/2/27/270226_102021_whatsapp-video-2026-02-26-at-182735.mp4