25.02.2026
қмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы мектеп жасына дейінгі өскелең ұрпақты толеранттыққа, үлкендерге құрмет көрсетуге және құрдастарымен дос болуға тәрбиелеу мақсатында 2026 жылдың 11-25 ақпан аралығында «Барлығына рақмет!» челленджін өткізді.
Челлендж Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымның (мемлекеттік, жекеменшік) тәрбиеленушілері және ата-аналардың (заңды өкілдерінің) қатысуымен өткізілді.
Челленджге барлығы 5111 бала, 1649 ата-ана, 1035 педагог, 251 мектепке дейінгі ұйым қатысты.
Челлендж нәтижесінде балалардың құрмет көрсету, алғыс айту, ризашылық туралы түсініктерін кеңейту; балаларды жанашырлыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке, татулыққа, достыққа баулу; әдепті қарым-қатынас дағдыларын бекіту, балалардың алғыс айту шынайы болуы керек екендігін түсінуіне ықпал ету мақсаты көзделді.