«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ВЕБИНАР «ПЕДАГОГТІҢ ЦИФРЛЫҚ ЭТИКАСЫ»

26.02.2026

Білім басқармасының әдістемелік орталығы педагогтің цифрлық ортадағы кәсіби жауапкершілігі, онлайн-этика нормалары, сондай-ақ білім беру процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған вебинар өткізді.

Іс-шараға аудандық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері мен цифрландыру жөніндегі директордың орынбасарлары қатысты.

Вебинар барысында спикерлер келесі негізгі мәселелерді қозғады:

🔹цифрлық коммуникация мәдениеті және педагогтің әлеуметтік желілердегі кәсіби мінез-құлқы;

🔹педагогтің жағымды имиджін қалыптастыру және қолдау;

🔹әлеуметтік желілерде және білім беру ұйымдарының ресми сайттарында ақпарат жариялауға қойылатын талаптар;

🔹цифрлық құралдарды пайдалану кезінде академиялық адалдық нормаларын сақтау;

🔹фото-, видео- және мәтіндік материалдарды орналастыру барысында білім алушылардың дербес деректерін қорғау;

🔹киберқауіпсіздік негіздері және цифрлық ақпаратпен жұмыс істеудің құқықтық аспектілері.

Контенттің дұрыстығы, этикалық нормаларды сақтау, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу, сондай-ақ білім алушыларға, педагогтер мен ата-аналарға қатысты материалдарды жариялау кезінде келісім алу және құқықтық талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Вебинар қорытындысы бойынша онлайн-трансляция платформаларын тиімді пайдалану ережелері әзірленді.

/public/files/2026/2/27/270226_105637_etika.mp4

Просмотров: 72


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст