«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасын іске асыру

27.02.2026

Балаларды «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасын іске асыру аясында Атбасар ауданының «Алтын бесік» бөбекжайында практикалық семинар өтті. Семинар тәрбиеленушілердің жарқын, әрі әсерлі өнер көрсетуімен ашылып, еңбек туралы ән орындалып, көңілді би биленіп, әртүрлі мамандықтардың маңыздылығы жайлы шағын диалог қойылды. 
Семинарға пилоттық жобаға енген мектепке дейінгі ұйым мамандары қатысты.
Іс-шара барысында пилоттық жобаны іске асырудың алғашқы нәтижелері таныстырылды. Педагогтер ерте еңбек тәрбиесі идеяларының білім беру үдерісіне қалай тиімді енгізіліп жатқанын көрсетті: танымдық жобалар, шығармашылық шеберханалар, сюжеттік-рөлдік ойындар, тақырыптық апталықтар және тәжірибеге бағытталған оқу қызметі енді.
Ұсынылған тәжірибе қатысушыларға зор қызығушылығын тудырып, кәсіби пікір алмасуға, жаңа идеялардың пайда болуына және одан әрі кәсіби дамуға негіз қалады.

/public/files/2026/2/27/270226_163734_whatsapp-video-2026-02-27-at-110319.mp4

Просмотров: 64


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст