«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік кәсіби бағдар беруші» облыстық байқауы

27.02.2026

2026 жылғы 25 ақпанда Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығы кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіруде заманауи тәсілдерді жүзеге асыратын шығармашылық педагогтарды қолдауға және анықтауға бағытталған «Үздік кәсіптік бағдаршы» облыстық сырттай байқауын өткізді.

          Аталған іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің кәсіптік бағдар беруші педагогтері, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары қатысты, олар өздерінің ұсынған байқау материалдарында кәсіби-педагогикалық шеберлікті, практикалық маңыздылығын, шығармашылық тәсіл мен өз жұмысындағы  инновациялық әдістерін көрсетті.

          «Үздік кәсіби  бағдар беруші» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды «Қәсіби бағдар беру іс-шарасы: жаңа формат» номинациясында:

1 орын – Әбдірайымова Айнұр Асхатқызы, Аршалы ауданы Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдар берушісі;

2 орын – Бексеитова Любовь Ивановна, Зеренді ауданы Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдар берушісі;

3 орын – Даненова Лаура Рашитовна, Атбасар ауданы №5 жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдар берушісі.

        «Цифлық кеңістіктегі кәсіптік бағдар» номинациясында:

1 орын – Узбаева Акмарал Болегеновна, Бурабай ауданы Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдар берушісі;

2 орын – Говоркова Наталья Александровна, Бұланды ауданы Макинск қаласының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

3 орын – Уциева Марха Усмановна, Сандықтау ауданы Красная поляна ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдар берушісі.

«Мансаптық навигатор» номинациясында:

1 орын – Пейзанг Анастасия Владимировна, Сандықтау ауданы Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдар берушісі;

2 орын - Юсупова Жанна Завратовна, Есіл ауданы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің  кәсіби бағдар берушісі;

3 орын - Абсагиева Галия Кабиденовна, Қорғалжын ауданы мектеп- гимназиясы директорының кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары;

Полонская Виктория Георгиевна – Шортанды ауданы Андреевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдар берушісі.

Просмотров: 26


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст