04.03.2026
2026 жылғы 4 наурызда Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, ұлттық тәрбие құндылықтары негізінде тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған «Үздік сынып сағатының әзірлемесі» облыстық байқауын өткізді.
Аталған байқауға 30-дан астам сынып жетекші қатысты, олар өздерінің ұсынылған конкурстық материалдарында кәсіби-педагогикалық шеберлігін, шығармашылық өзіндік ерекшелігін, сыныптың тәрбие процесінің келешегі мен практикалық тәжірибелік маңыздылығын көрсетті.
«Үздік сынып сағатының әзірлемесі» облыстық сырттай конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I орын – Мейрам Кәмила Сүйіндікқызы, Степногорск қаласы Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі.
II орын – Сарсенбаева Жанерке Айтбековна, Көкшетау қаласы әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейі;
Бегайдар Тахмина Батырбековна, Зеренді ауданы №1 жалпы орта білім беретін мектебі.
III орын – Қайсарбекова Жанна Серіковна, Есіл ауданы С. Серіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
Тәжібаева Арай Ермековна, Бурабай ауданы Савинка ауылының негізгі орта мектебі;
Богинская Дарья Сергеевна, Астрахан ауданы Степное ауылының негізгі мектебі;
Пучек Олеся Владимировна, Буланды ауданы Макинск қаласының мектеп-гимназиясы.