03.03.2026
Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша 2026 жылдың 03 наурыз күні Көкшетау қаласының Ю.Гагарин атындағы балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлерімен «Педагог және заң» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.
Әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі тәрбиелеу әдіскері Жунусова Ж.Ж. «Жаңа Конституция» жобасымен таныстырып, білім беру саласына қатысты сұрақтарға тоқталып; Ю.Гагарин атындағы балабақша әдіскері Сакенова А.Е. «Педагогикалық әдеп» сұрақтарын қарастырды.
Ақпараттық сағатқа аудандардан (62 әдіскер) онлайн, Көкшетау қаласынан (36 әдіскерлер) офлайн форматта қатысты.
Аталған іс-шараларды өткізу барысында педагогтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсаты көзделді.