«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім беру және жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен Сын-қатерлері» панельдік сессиясы

04.03.2026

Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының бастамасымен іс-шара ұйымдастырылды. Оның аясында 2026 жылғы 4 наурыз күні панельдік сессия алаңында мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының педагогтері кездесті.

Талқылау «Білім беру және жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен сын-қатерлері» тақырыбына бағытталды. Спикерлер Оспанова Жадра Елтаевна, Караталова Арайлым Муратбековна және Кобжасарова Бибигүл Кенжегалиевнаның жұмыстары қызықты әрі мазмұнды болды. Олар келесі тақырыптар бойынша материалдар ұсынды: «Промпттан шедеврге дейін: жасанды интеллект арқылы оқу анимациясын жасау өнері»; «Grok пен Адал азамат: цифрлық дәуірдегі саналы таңдау мен жауапкершілік»; «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бейнероликтерді AI (жасанды интеллект) көмегімен тиімді жасау жолдары».

Кездесу нәтижесінде мұғалімдер ұсынылған кейстермен танысып, оларды сабаққа дайындық барысында және ұйымдастырылған қызметте қолдануға болатын үлкен практикалық маңызы бар материалдар алды.

Просмотров: 198


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст