«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепішілік үздіксіз кәсіби даму форумы

05.03.2026

2026 жылғы 5 наурызда Астана қаласында «Мектепішілік үздіксіз кәсіби даму» форумы өтті. Форумға білім беру ұйымдарының, халықаралық және ұлттық серіктестердің, сондай-ақ педагогтердің біліктілігін арттыру саласындағы мамандардың өкілдері қатысты. Форум жұмысына Ақмола облысы білім басқармасы әдістемелік орталығының басшысы КУрмангалиева Ляззат Сурағанқызы қатысты.  «Мектепішілік кәсіби құзыреттерді дамыту жүйесі» өз сөзінде ол білім беру жүйесіндегі жедел өзгерістер жағдайында педагогтердің кәсіби өсуін тікелей мектеп ортасында қамтамасыз ететін тиімді механизмдерді құрудың ерекше маңызды екенін атап өтті.Форум барысында спикерлер үздіксіз кәсіби даму саласындағы жүзеге асырылып жатқан жобалардың табысты тәжірибелері мен нәтижелерін, оның ішінде SHARE жобасын және ЮНЕСКО серіктестік бастамаларын таныстырды. Форумның мазмұнды формасы ретінде моделденген пікірталас өткізілді. Оған қатысушылар педагогтердің кәсіби өсуінің әртүрлі модельдері арқылы мектепішілік үздіксіз кәсіби дамудың маңыздылығын ортақ түсінуге қол жеткізді. Сондай-ақ, мектеп басшыларының ҮКД үдерістерін ұйымдастырудағы және қолдаудағы рөліне ерекше назар аударылды.Форум қорытындысында қатысушылар мектепішілік  үздіксіз кәсіби дамуды енгізу, масштабтау және стандарттау бойынша ұсыныстар әзірлейді. Өткізілген форум Қазақстандағы педагогтердің кәсіби дамуына жүйелі тәсіл қалыптастыруға негіз қалады және ҮКД-ны мектеп деңгейінде және бүкіл білім беру жүйесінде институционализациялау кезеңіне өту перспективасын көрсетті.

Просмотров: 67


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст