14.03.2026
Жас мамандардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін іске асыру аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасын өткізеді.
Олимпиада жұмыс өтілі 5 жылға дейінгі жас пән мұғалімдеріне, тәлімгерлер мен психологтарға арналған. Бұл конкурс білім беру саласындағы жолын жаңа бастаған мамандар үшін шеберліктің, креативтіліктің және өз ісіне деген адалдықтың нағыз сынына айналды.
Конкурс үш кезеңнен тұрды: аудандық, облыстық және республикалық. Қатысушылар өз жетістіктерін екі негізгі номинация бойынша ұсынды:
Облыстық деңгейде Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалаларынан және Атбасар, Бұланды, Бурабай, Егіндікөл, Жарқайың, Зеренді, Сандықтау, Астрахан, Есіл, Жақсы аудандарынан келген 38 амбициялы педагог үздік атану үшін бақ сынасты. Тартысты дода барысында инновациялық тәсілдер мен бірегей әдістемелерді көрсете білген ең мықты мамандар анықталып, республикалық деңгейде Ақмола облысының намысын қорғау құқығына ие болды.
2026 жылғы 10-11 наурызда Алматы қаласында «Абай ұлттық мектебі» базасында олимпиаданың финалдық кезеңі өтті. Біздің педагогтер дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, келесідей нәтижелерге қол жеткізді:
Жас әріптестеріміздің бұл жетістігі — Ақмола облысының мектептерінде жаңа педагогикалық элита қалыптасып жатқанының жарқын дәлелі. Республиканың ең үздік мұғалімдерінің арасында жүлдегер атану — біздің ұстаздарымыз лайықты бағындырған үлкен белес.