16.03.2026
Ақмола облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауының (сырттай) облыстық кезеңінің қорытындысын шығарды. "Ханталапай" байқауын ұйымдастыру және өткізу деңгейі 5 балдық жүйесімен бағаланып, сараптама комиссиясының шешімі бойынша «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауының (сырттай) облыстық кезеңінің келесі жүлделі орындары анықталды:
I орын – «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұрсая» бөбекжайы;
IІ орын - «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы»;
IIІ орын - «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Державинск қаласының «Шаңырақ» бөбекжайы;
Номинациялар:
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» (команда) - Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының «Диас» бөбекжай- балабақшасы;
«Белсенді ойыншылар» (команда) - «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашино ауылының «Мирас» бөбекжайы»;
«Үздік ойын алаңы» Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының "Солнышко" бөбекжайы;
«Үздік ұйымдастырылған ұлттық ойын» Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы
Жақсы ауылының «Дән» бөбекжайы»;
«Алтын сақа» Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы "№3 бөбекжайы";
«Тапқырлар мен ептілер» Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы №1 «Гүлдер» бөбекжайы.
Жеңімпаздарды құттықтай отыра, республикалық кезеңге жолдама алған «Нұрсая» бөбекжайына сәттілік тілейміз.