19.03.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сай Көкшетау қаласының «Арман» бөбекжайында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасының серіктестігі: бала тәрбиесіндегі жаңа бағыттар мен тиімді тәжірибелер» облыстық семинар–практикум өтті.
Семинар-практикум барысында келесі педагогтар тәжірибе алмасып, шебер–сыныптар көрсетті: А.А.Нугуманова, А.К. Шарапиева, А.Т.Мадиева, Б.Х.Галимова, Г.Е.Байзакова, А.К.Ахметова, С.Т.Молдахметова, А.О.Жумажанова. Педагогтардың «Әже өнегесі-ұрпаққа мұра» әжелер мектебі; «Ана тәрбие бастауы» аналар мектебі; «Әкенің өнегесі-баланың болашағы» әкелер мектебі; «Бөбекжай бақытты балалар әлемі» этнопедагогикалық жобасы; жасанды интеллект қолдану арқылы ұйымдастырылған «Жеті қазына» интеллектуалдық ойыны; «Ұлттық киім-ұлттың рухани айнасы» шебер-сыныптары қызықты да, мазмұнды болды.
Семинар барысында қатысушыларға бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер түсіндіріліп, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беру жолдары талқыланды. Сонымен қатар, педагогтар және ата-аналар өзара тәжірибе алмасып, пікірлерімен бөлісті.