19.03.2026
Ақмола облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» қолдан жасалған бұйымдар облыстық байқауының қорытындысын шығарды. " Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала" байқауын ұйымдастыру және өткізу деңгейі 5 балдық жүйесімен бағаланып, сараптама комиссиясының шешімі бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
I орын - «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөліміның жанындағы Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»;
II орын - «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы»;
IІI орын - «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы «Балапан» шағын орталығы»;
Номинациялар:
«Мейірімді отбасы» - «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының "Арайлы" бөбекжайы»;
«Үздік қомпозиция» - «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Айгөлек» бөбекжайы»
«Өнегелі отбасы» - «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Жұлдыз» балабақшасы»;
«Ұйымшыл отбасы» - «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Көктем» бөбекжайы»;
«Еңбекқор отбасы» - «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Есіл қаласының №1 «Гүлдер» бөбекжайы»;
«Үздік қолөнер бұйымы» - «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Ақбота» бөбекжайы»;
«Шебер отбасы» - Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Астрахан ауылының «Алпамыс» бөбекжайы.
Жеңімпаздарды құттықтай отыра, республикалық кезеңге жолдама алған ұжымға сәттілік тілейміз.