«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Uzdik IT Ustaz» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы

26.03.2026

Ақмола облысының жалпы орта білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Uzdik IT Ustaz» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Аталған іс-шара бір мезгілде Қазақстан Республикасының 14 облысында, сондай-ақ Астана, Шымкент және Алматы қалаларында ұйымдастырылып, жалпы саны 289 қатысушыны қамтыды.

Облыстық кезеңге Ақмола облысынан 24 информатика пәні мұғалімі қатысты.

Олимпиада үш кезең бойынша өткізілді: бірінші кезең — онлайн форматта өткен үш іріктеу турынан, екінші кезең — облыстық деңгейдегі офлайн кезеңнен, үшінші кезең — қорытынды республикалық кезеңнен тұрды.

Үш сағаттық контест барысында қатысушылар esep.cpfed.kz онлайн-платформасында 5 есепті орындады. Бағалау Халықаралық информатика олимпиадасы (IOI) форматына сәйкес жүзеге асырылды: әрбір есеп 100 балдық шкала бойынша бағаланып, бірнеше қосымша тапсырмалардан тұрды. Қатысушылардың шешімдері автоматтандырылған тестілеу жүйесі арқылы тексерілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

І дәрежелі диплом:

Қыпшақбай Жолбарыс Есенбайұлы – Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі.

ІІ дәрежелі диплом:

Тәжібай Аружан Мерекеқызы – Қосшы қаласының мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі;

Абдрахманова Гүлбахыт Алмасовна – Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Ақпан Үкүбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі.

ІІІ дәрежелі диплом:

Дауренбек Нұртуған – Қосшы қаласы №3 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі;

Өмірхан Бақыт – Ерейментау ауданы, Бестоғай ауылының негізгі орта мектебінің информатика пәні мұғалімі;

Өміртаева Гүлжан Арысбекқызы – Қосшы қаласы №3 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі.

 

Просмотров: 63


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст