27.03.2026
2026 жылғы 26–27 наурыз күндері Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізді:
І орын — Целиноград ауданы, Қараөткел ауылы ІТ мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бадыгулова Құралай Ақылтаевна;
ІІ орын — Көкшетау қаласының №22 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оңғарбай Зейін;
ІІІ орын — Шортанды ауданы, Төңкеріс бекетінің негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Потапенко Оксана Юрьевна.
Көкшетау қаласының №16 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хадисова Анар Вахитовна және Целиноград ауданы Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есенқызы Светлана грамотамен марапатталды.
Аталған педагогтарды жоғары жетістіктерімен құттықтай отырып, кәсіби қызметтеріне табыс тілейміз.