07.04.2026
Ақмола облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ-нің жоспарына сай 2026 жылдың 07 сәуірінде Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда құзыреттілік орталығы арқылы педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар-практикум онлайн форматта өткізілді.
Семинарға құзыреттілік орталықтарының өкілдері, білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, тәрбиешілер мен бейінді мамандардан барлығы 100-ден аса педагог қатысты.
Іс-шараның мақсаты – құзыреттілік орталықтарының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерту және тәжірибе алмасу негізінде білім беру сапасын жетілдіру.
Семинар барысында 8 кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет және 2 шеберлік сыныбы ұсынылды: «Шығармашылық ойындар арқылы балалардың танымдық дағдыларын дамыту», С.Жупархан, А.С.Беркимбаева; Танымдық шоу: «Секір, ойна, зертте!» (Джампинг батутта), А.А.Габидуллина; Ерте жастан кәсіпке баулу: «Ата кәсіп-ұрпақ жалғасы», Ж.И.Таменова, Д.Н.Кашкимбаева; Экологиялық бағыт: «Табиғатты аялайық»,
А.А.Джакупбаева; «Ғажайып спорт әлемі», Д.М.Бекмуханбет; Ұлттық тәрбие: «Ұлттық бұйымдар - асыл мұра», Н.К.Жуманова, С.Т.Жумабаева; Қаржылық сауаттылық: Қаржы саласындағы музыкалық квест, Г.К.Жумагамбетова, А.Б.Искакова; Этнопедагогикалық тәрбие: Ауылға саяхат, К.А.Калиева,
А.А.Смагулова; «Ойнай отырып ойлаймыз: интеллектум ойындарының құпиясы», Г.М.Акниязова; Арт терапия «Саз балшықпен ойын әдістерін тиімді қолдану», А.К.Искиндирова. Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім беру әдістерін көрсетті.