«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«OI SANDYQ» оқу және математикалық сауаттылықтан мұғалімдерге арналған зияткерлік байқауының республикалық кезеңі

30.03.2026

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы 
30 наурызда Астана қаласында «OI SANDYQ» оқу және математикалық сауаттылықтан мұғалімдерге арналған зияткерлік байқауының  республикалық кезеңі өткізілді.
«OI SANDYQ» байқауы тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны жағынан PISA халықаралық зерттеуінің отандық баламасы ретінде арнайы әзірленген. Байқау республикалық деңгейде биыл екінші рет өткізіліп отыр.
Байқау барысында қатысушылар математика және оқу сауаттылығы бағыттары бойынша кіріктірілген тапсырмаларды орындады.
Академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында байқау «Zerdeli App» платформасында онлайн форматта, тікелей эфир режимінде өтті.
Сайыс екі кезеңнен тұрды: бірінші кезең -  жұптық, екінші – кезең топтық.
Байқаудың республикалық кезеңіне әр өңірден 10 адамнан (5 қазақ тілі мен әдебиеті пәні және 5 математика пәні мұғалімдері) тұратын команда қатысты. 
 Білім бәсекесі өте тартысты өтті.Ақыл-ой додасына жұптық сайыстан барлығы 200 ұстаз бақ сынады. Яғни 20 облыстан 100 жұп қатысты. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша:
1)Мадинаш Айсулу
Целиноград ауданы Қызылжар ауылының ЖОББМ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі жүлделі ІІ орын;
2) Оңғарбай Ғалымбек Бурабай ауданы N7 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі жүлделі ІІ орын;
3) Газизов Гибрат Дулатович Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласының №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі жүлделі ІІ орын;
4) Батай Айтжан- Целиноград ауданы Қоянды мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі жүлделі ІІ орын.
Аталмыш байқау педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.
Наурыздың 31 күні іс-шара жалғасын табады. Қазақ тілін оқыту және жалпы оқыту сауаттылығы мен математикалық сауаттылық бойынша республикалық практикалық семинар өтеді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Просмотров: 114


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст