«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қысқа мерзімді жоспарды әзірлеу: алгоритм және тәсілдер» тақырыбында облыстық практикалық тренинг

31.03.2026

Ақмола облысында Білім басқармасының Әдістемелік орталығының бастамасымен «Қысқа мерзімді жоспарды әзірлеу: алгоритм және тәсілдер» тақырыбында облыстық практикалық тренинг сәтті өтті.

Спикерлер ретінде өңірдің «Үздік педагог» атағының иегерлері, педагог-шеберлер сөз сөйледі: Сеитова Гульнара Байтасовна (Бурабай ауданы, Оқжетпес ауылы), Мусаипова Алия Қайыркенқызы (Щучинск қаласы), Ахметжанова Алма Нұрахметжанқызы, Абдосова Құралай Мұсаевна, Сарсенбекова Айслу Әлтіевна (Көкшетау қаласы), Шрейнер Оксана Васильевна (Щучинск қаласы).

Тренинг барысында спикерлер тек теориялық негіздерді ұсынып қана қоймай, тиімді сабақты құрастырудың нақты тәжірибелерін көрсетті. Қатысушылар қысқа мерзімді жоспарлаудың жай ғана формалды құжат емес, нақты білім беру нәтижелеріне қол жеткізудің тиімді құралы екенін түсінді.

Педагогтарға көмек ретінде келесі мәселелер жан-жақты қарастырылды:
— сабақтың логикасына негізделген қысқа мерзімді жоспар құрудың қадамдық алгоритмі;
— белсенді оқыту әдістерін кіріктіру арқылы сабаққа қойылатын заманауи талаптар;
— оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерді айқындауға бағытталған практикалық тапсырмалар мен кейстер;
— тапсырмаларға нақты әрі өлшенетін дескрипторлар әзірлеу;
— білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, саралаудың тиімді тәсілдері;
— сабақтағы кері байланыс пен рефлексия форматтары.

Тренингтің басты ерекшелігі – оның практикалық бағыттылығы болды: қатысушылар топтарда жұмыс жасап, сабақтың фрагменттерін модельдеді, дайын жоспарларды талдап, спикерлерден кәсіби кері байланыс алды.

Сондай-ақ, білім алушылардың сыни ойлауын дамытуға, қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдануға және сабақты оқушылардың белсенді әрекеті арқылы құруға ерекше назар аударылды.

Тренинг тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар әр педагог өз тәжірибесін қайта қарастырып, жаңа идеялар мен кәсіби шабыт алған кәсіби диалог кеңістігіне айналды.

Алынған білім мен құралдар педагогтердің күнделікті жұмысында өз көрінісін тауып, білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді деп сенеміз.

Просмотров: 115


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст