«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңа мектепке – заманауи мұғалім» VIII республикалық жас педагогтар байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

27.03.2026

Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығы «Жаңа мектепке – заманауи мұғалім» VIII республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқауға еңбек өтілі 3 жылдан аспайтын білім беру ұйымдарының 20 жас педагогі қатысты.

Облыстық кезең үш кезеңнен тұрды:

• Бірінші кезең – «Шығармашылық жолдың бастауы» атты өзін-өзі таныстыру;

• Екінші кезең – «Заманауи сабақ». Қатысушылар Көкшетау қаласының мектептерінде бейтаныс сыныпта сабақ өткізді;

• Үшінші кезең – «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру» атты педагогикалық тәжірибе панорамасы.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша:

I орын – Жасланов Алишер Жаиқович, Бурабай ауданы Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі;

II орын – Қуандықов Қуаныш Қыдыралиевич, Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі;

Тасбулатов Ілияс Борамбайұлы, Державинск қаласының  Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі;

III орын – Зилгарина Дильназ Саматовна, Жақсы ауданы Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;

Назибек Мейіржан Еркінбекұлы, Ақмола облысы білім басқармасына қарасты Көкшетау қаласындағы Абай атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының (қазақ тілінде оқытатын) математика пәні мұғалімі;

Әзи Кәмила Шахпатуллахқызы, Астрахан ауданы Жалтыр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі.

Ерекше жетістіктері үшін грамотамен екі педагог марапатталды:

Гиззатова Зере Дауренқызы, Көкшетау қаласы №17 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі;

Сунгатов Алтынбек Жәнібекович, Степногорск қаласы Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі.

Облыстық кезеңнің жеңімпазы Жасланов Алишер Жаиқович VIII республикалық конкурстың қорытынды кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғайды. Қорытынды кезең РМҚК «РУОЦ «Балдаурен» базасында өтеді.

 

Просмотров: 110


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст