17.04.2026
2026 жылғы 17 сәуір күні Целиноград ауданы Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде
«ЕББҚ бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастырудағы мектеп әкімшілігінің рөлі» тақырыбында ЕББҚ бар балаларды қолдау кабинеттері бар жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне арналған №2 облыстық (өңірлік) семинар өтті.
Семинардың мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) оқушыларға қолдау көрсетуді жетілдіру, мектеп әкімшілігі мен мамандардың өзара тиімді жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу.
Аталған семинарда Целиноград ауданы және Қосшы қаласының жалпы орта білім беретін мектебінің психологиялық-педагогикалық қызметінің мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті. мо
Іс-шара барысында қатысушылар:
- психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастырудың тиімді жолдарын талқылады;
- қолдау кабинеттерінің жұмыс жүйесімен танысты;
- өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ЕББҚ бар балаларды қолдаудағы басқарушылық рөлдің маңыздылығын атап өтіп, тәжірибе алмасудың тиімді алаңы болғанын жеткізді.