17.04.2026
2026 жылғы 13–17 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» VIII Республикалық жас педагогтер байқауы өтті.
Байқау жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және инновациялық қызметін ынталандыруға бағытталған. Сондай-ақ оның міндеттеріне кәсіби дамуға жағдай жасау және білім беру жүйесінде талантты мамандарды тұрақтандыру жатады.
Байқаудың қорытынды кезеңіне педагогикалық еңбек өтілі үш жылға дейінгі республиканың түкпір-түкпірінен 23 жас педагог қатысты.
Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең — «Шығармашылық жолдың бастауы» - өзін-өзі таныстыру. Екінші кезең — «Заманауи сабақ», бұл кезеңде қатысушылар бейтаныс сыныпта сабақ өткізіп, өздерінің кәсіби және әдістемелік шеберліктерін көрсетті. Үшінші кезең — «Педагогикалық тәжірибе панорамасы», «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесін таныстыруға арналды.
Байқау қорытындысы бойынша Бурабай ауданы Қарашілік ауылының «Жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Жасланов Әлішер Жайықұлы екінші орынды иеленіп, Ақмола облысын республикалық деңгейде сәтті таныстырды.