«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біздің таланттар» байқауының облыстық кезеңінің қорытындылары

21.04.2026

«Біздің таланттар» республикалық музыкалық-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Бұл жоба балаларға музыка мен сәндік-қолданбалы өнерде өз қабілеттерін көрсетуге, қатарластарымен араласып, жарқын әсер алуға мүмкіндік береді.
Облыстық кезеңге Ақмола облысының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің 25 тәрбиеленушісі қатысып, бес номинация бойынша 16 жұмыстар ұсынды.
Жеңімпаздарымыз:
🔹 «Үздік декломатор» — Сикова Маргарита (№ 6 ППТК, Бурабай ауданы, Щучинск қ.);
🔹 «Алтын дауыс» — Қанат Фатима (№ 18 ППТК, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы);
🔹 «Кішкентай биші» — Қантемір Құрманғали (№ 2 ППТК, Ерейментау ауданы, Ерейментау қ.);
🔹 «Оркестр» — Досбол Абдуллаһ, Азнабеков Альтаир, Кабденова Аида, Әбілқасым Айшаханым, Саттаров Алихан (№ 18 ППТК, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы);
🔹 «Шебер қолдар» — Дёгтев Вадим (№ 4 ППТК, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы).
Жеңімпаздардың жұмыстары Республикалық байқаудың финалдық кезеңіне жолданды. ✨
Барлық қатысушылар мен педагогтарды құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт пен жаңа жеңістер тілейміз!

Просмотров: 61


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст