30.04.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес 2026 жылғы 6 сәуір мен 30 сәуір аралығында Ақмола облысының ағылшын тілі мұғалімдері арасында «Best English Lesson» тақырыбында облыстық әдістемелік байқау өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – ағылшын тілін оқыту сапасын инновациялық білім беру технологияларын енгізу арқылы арттыру. Байқау аясында шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді анықтау, оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын тиімді қолдануды ынталандыру, сондай-ақ озық педагогикалық тәжірибені тарату көзделді. Сонымен қатар, іс-шара мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге және олардың инновациялық қызметін қолдауға бағытталды.
Байқау жұмыстарының қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталды:
II орын – Нұрманова Әлия Нұрланқызы, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі;
III орын – Сартаева Салима Мұратқызы, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Төнкеріс ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі