«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық «Үздік білім беру ұйымдарының арнайы педагогы» байқауының қорытындысы

28.04.2026

Ағымдағы жылдың сәуір айында облыста алғаш рет «Үздік арнайы педагог» байқауы келесі номинациялар бойынша өткізілді: «Жалпы білім беретін мектептің үздік арнайы педагогы», «Балабақшаның үздік арнайы педагогы».
Байқау педагог еңбегінің беделін арттыру, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) балалармен жұмыс істейтін үздік педагогтердің тәжірибесін тарату мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды «Жалпы білім беретін мектептің үздік арнайы педагогы» номинациясы бойынша:
1 орынды – Ахметбекова Айгерім Амантаевна, Жақсы ауданы білім бөліміне қарасты Ишимское ауылының жалпы білім беретін мектебінің дефектологы;
2 орынды – Редькина Валентина Григорьевна, Сандықтау ауданы білім бөліміне қарасты Лесное ауылының жалпы білім беретін мектебінің дефектологы;
3 орынды – Терентьева Алина Анатольевна, Атбасар ауданы білім бөліміне қарасты Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің дефектологы иеленді.
«Балабақшаның үздік арнайы педагогы» номинациясы бойынша 1 орынға – Рамазанова Гүлмира Ақанқызы, Көкшетау қаласы білім бөліміне қарасты «Аяла» арнайы балабақшасының логопеді;
2 орынға – Тополева Наталья Николаевна, Атбасар ауданы білім бөліміне қарасты Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжай-балабақшасының логопеді; 
3 орынға – Наумова Анна Владимировна, Сандықтау ауданы білім бөліміне қарасты Балкашино ауылының «Ер-Төстік» бөбекжай-балабақшасының логопеді ие болды.

Просмотров: 21


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст