06.05.2026
Білім басқармасының әдістемелік орталығы IT-мектептердің тиімді педагогикалық тәжірибесін анықтауға, қолдауға және таратуға бағытталған «IT-мектеп: Digital Jump» облыстық сырттай байқауын өткізді.
Бүгінгі таңда Ақмола облысында «IT-мектеп» мәртебесіне ие 5 мектеп жұмыс атқарады. IT мектеп-лицейлері заманауи технологияларды, жасанды интеллектті енгізудің, цифрлық білім беру ортасын қалыптастырудың және білім алушылардың цифрлық құзыреттерін дамытудың негізгі алаңдары болып табылады.
Байқау бес кезеңнен тұрды. Қатысушылар білім беру үдерісін цифрлық трансформациялаудың үздік тәжірибелерін ұсынды, оқытуға инновациялық тәсілдерді, цифрлық технологияларды енгізуді және жасанды интеллектті қолдануды көрсетті.
Байқау аясында IT-мектептердің электрондық портфолиолары, шағын жинақты мектептерге арналған қашықтан цифрлық сабақтар, авторлық EdTech-жобалар, инновациялық STEM/STEAM тәжірибелері ұсынылды, сондай-ақ мектептердің ресми сайттары мен әлеуметтік желілеріне цифрлық аудит жүргізілді.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
• ІІ орын —«Көкшетау қаласындағы Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейі» КММ;
• ІІІ орын — «Косшы қаласы IT мектеп-лицейі» КММ.